HPE ProLiant DL380 Gen11

By bic • September 23, 2026
50 Users · Virtualization · AD · File Server · 1C / SQL

HPE ProLiant DL380 Gen11 — 50 қызметкерге арналған толық сервер конфигурациясы

Алдыңғы мысалда 50 қызметкері бар компания үшін Supermicro SuperServer SYS-622B-TRT негізінде толық virtualization server жинадық.

Енді дәл сол міндетті HPE ProLiant DL380 Gen11 арқылы шешіп көрейік.

Серверде virtualization platform жұмыс істейді, ал оның ішінде Active Directory + DNS, File Server және 1C + Microsoft SQL Server орналасады.

Бұл жолы да тек barebone сервер бағасын емес, CPU, 256 GB ECC RAM, hardware RAID, төрт enterprise SSD, 10GbE және redundant PSU бар толық production configuration бағасын есептейміз.

1

Біздің HPE конфигурация

Негіз ретінде HPE ProLiant DL380 Gen11 8SFF 2U rack server платформасын аламыз.

50-user SMB үшін максималды CPU конфигурациясын жинаудың қажеті жоқ. Біздің мақсат — File Server, Active Directory және 1C/SQL workload үшін balanced virtualization server.

Компонент Біздің конфигурация Бағасы
Server platform HPE ProLiant DL380 Gen11 8SFF
2U Rack Platform
3 268 000 ₸
CPU 2 × Intel Xeon Silver 4410Y
12C / 24T each
+732 600 ₸
Memory 8 × 32GB DDR5 RDIMM
256 GB total
+4 919 200 ₸
Hardware RAID HPE MR416i-o Gen11
8GB Cache
+574 989 ₸
Production Storage 4 × HPE 1.92TB Enterprise SATA SSD ≈ 1 800 000 ₸
Network 2-Port 10GbE RJ45 Adapter +94 875 ₸
Power 2 × HPE 800W Hot-Plug PSU +88 550 ₸
Management HPE iLO 6 Standard Included
Толық есептелген конфигурация ≈ 11 478 214 ₸
Толық конфигурация HPE ProLiant DL380 Gen11 · 50-user SMB Virtualization Server
Configuration Price ≈ 11 478 214 ₸ ≈ $25 507 · есептеу курсы: $1 = 450 ₸

Маңызды: бұл бір HPE ресми quotation ішінен алынған дайын SKU бағасы емес. Бұл Қазақстандағы server/configurator бағалары және қолжетімді HPE component бағалары негізінде жасалған scenario BOM. Нақты HPE distributor quotation басқа болуы мүмкін.


2

Сервер архитектурасы

HPE DL380 Gen11-ді бір үлкен Windows Server ретінде пайдаланбаймыз. Оны virtualization host ретінде құрамыз.

HPE ProLiant DL380 Gen11
2× Xeon · 256GB ECC · RAID10 SSD · Dual 10GbE
↓
Hypervisor
↓
🔐
VM01-DC01
AD DS + DNS
📁
VM02-FS01
File Server
🧾
VM03-1C-SQL
1C + SQL Server

Осындай архитектура physical hardware пен business services арасында virtualization layer құрады. Әр server role бөлек VM ретінде басқарылады.


3

CPU: 2 × Intel Xeon Silver 4410Y

Біздің сценарий үшін екі Intel Xeon Silver 4410Y таңдаймыз.

🧠 Xeon Silver 4410Y   +   🧠 Xeon Silver 4410Y
12C + 12C = 24 Physical Cores
48 Threads Total

50-user environment үшін жүздеген core қажет емес. Бірақ AD, File Server және 1C/SQL бір host ішінде қатар жұмыс істейтіндіктен, CPU resource reserve болғаны дұрыс.

1C үшін: CPU-ды тек core саны бойынша таңдауға болмайды. 1C workload үшін single-core/per-core performance, SQL workload және concurrent session саны да маңызды.


4

256 GB DDR5 ECC RAM

Virtualization server үшін RAM көбіне CPU-дан да маңызды resource болады.

Сондықтан бұл конфигурацияда 256 GB DDR5 ECC RDIMM пайдаланамыз.

VM Бастапқы RAM
AD DS + DNS 8 GB
File Server 32 GB
1C + SQL 128 GB
Hypervisor + reserve + future VM ≈ 88 GB
Total physical RAM 256 GB

Бұл жерде барлық memory-ді VM-дерге бірден таратып тастамаймыз. Hypervisor және future workload үшін reserve қалдырамыз.

DL380 Gen11 платформасының өзі бұдан әлдеқайда көп memory қолдайды, сондықтан кейін RAM көлемін айтарлықтай өсіруге болады.


5

HPE MR416i-o Hardware RAID

Storage үшін жай onboard SATA controller пайдаланбаймыз.

Біздің production configuration ішінде HPE MR416i-o Gen11 RAID controller болады.

HPE MR416i-o Gen11
⚙️ Broadcom MegaRAID негізіндегі enterprise controller
🧠 8 GB Cache
💾 SAS / SATA storage
🛡️ Hardware RAID
🔌 OCP form factor

Бұл жай disk controller емес. RAID processing, cache және drive management production storage архитектурасының бөлігі болады.


6

4 × 1.92 TB Enterprise SSD → RAID 10

Production VM datastore үшін 4 × 1.92 TB HPE enterprise SSD қолданамыз.

💾 1.92TB   💾 1.92TB   💾 1.92TB   💾 1.92TB
7.68 TB RAW
↓
HPE MR416i-o
↓
RAID 10 ≈ 3.84 TB usable

Неге RAID 10?

File Server және әсіресе 1C/SQL бір storage pool-ды пайдаланатындықтан, бұл конфигурацияда capacity-ден гөрі write performance + redundancy маңыздырақ.

RAID 10 төрт SSD-ні екі mirror pair ретінде пайдаланып, олардың үстінен striping жасайды.

RAID — Backup емес. RAID disk failure кезінде availability-ді жақсартады. Бірақ ransomware, accidental deletion, VM corruption немесе бүкіл сервердің жоғалуынан қорғамайды.

💾💾 + 💾💾 4 × 1.92TB HPE Enterprise SSD → Mirror Pair A + Mirror Pair B → RAID 10 → ≈3.84TB VM Datastore. Оң жақта AD / File Server / 1C SQL VM көрсетілсін Ұсынылған өлшем: 1100×600px · BIC / algorithm.kz sign

7

Network: Dual 10GbE

1GbE интерфейс File Server, backup және virtualization traffic үшін bottleneck болуы мүмкін.

Сондықтан серверге 2-port 10GbE RJ45 adapter қосамыз.

🌐 10GbE #1     🌐 10GbE #2
Production / VM Traffic    |    Backup / Redundancy

Network design-ға қарай екі interface teaming, redundancy немесе traffic separation үшін пайдаланылуы мүмкін.


8

HPE iLO 6 — маңызды айырмашылық

HPE серверінің ең маңызды infrastructure мүмкіндіктерінің бірі — HPE Integrated Lights-Out 6 (iLO 6).

iLO операциялық жүйеден бөлек жұмыс істейтін server management subsystem.

⚡ Power Management Server power status және remote control
🌡️ Hardware Health Temperature, fan, PSU және hardware sensors
📋 Hardware Logs Server event және fault information
🔧 Firmware / Provisioning HPE server lifecycle management

Windows немесе hypervisor жүктелмей қалса да, administrator hardware жағдайын iLO арқылы тексере алады.


9

Redundant Power Supply

Production серверде бір PSU қолдану қажетсіз single point of failure жасайды.

Сондықтан конфигурацияда 2 × HPE 800W Hot-Plug Flex Slot PSU қолданамыз.

⚡ UPS / PDU A   →   🔌 PSU 1
HPE ProLiant DL380 Gen11
⚡ UPS / PDU B   →   🔌 PSU 2

Бір PSU істен шықса, екінші module серверді қоректендіруді жалғастыра алады. Hot-plug architecture ақаулы PSU-ды серверді толық өшірмей ауыстыруға мүмкіндік береді.


10

VM-дерді қалай бөлеміз?

VM vCPU RAM Role
DC01 2–4 8 GB AD DS + DNS
FS01 4–8 32 GB File Server
1C-SQL01 8–12+ 128 GB 1C + Microsoft SQL Server

Бұл final sizing емес, бастапқы configuration. Production workload іске қосылғаннан кейін CPU Ready, disk latency, SQL waits, memory pressure және 1C performance көрсеткіштері өлшенуі керек.


11

Backup бұл сервердің ішінде болмауы керек

DL380 Gen11 ішінде бос drive bay қалса, оған үлкен HDD салып backup сақтау оңай болып көрінеді.

Бірақ production server және оның негізгі backup copy-сы бір physical failure domain ішінде қалмауы керек.

HPE DL380 Gen11
AD · File Server · 1C / SQL
↓ 10GbE ↓
🗄️ Separate Backup Repository
↓
🔒 Immutable / Off-site Copy

11.48 млн ₸ бағасына backup server кірмейді. Backup repository, NAS, Veeam repository немесе басқа backup infrastructure бөлек есептеледі.


12

11.48 млн ₸ үшін нақты не алып отырмыз?

🗄️ HPE DL380 Gen11 2U Enterprise rack server platform
🧠 2 × Xeon Silver 4410Y 24 physical core / 48 thread total
🧩 256 GB DDR5 ECC Virtualization + SQL memory capacity
💾 4 × 1.92 TB Enterprise SSD 7.68 TB raw / ≈3.84 TB RAID10
🛡️ HPE MR416i-o 8GB cache hardware RAID controller
🌐 Dual 10GbE Production және backup traffic
🛠️ HPE iLO 6 Out-of-band server management
🔌 Dual Hot-Plug PSU Power supply redundancy

Қорытынды: HPE DL380 Gen11 осы бизнес үшін қандай шешім береді?

Бұл жерде біз HPE ProLiant DL380 Gen11-ді максималды конфигурацияда жинаған жоқпыз.

Мақсат — 50 пайдаланушысы бар компанияға арналған balanced production virtualization server құру.

Біздің конфигурация:

HPE ProLiant DL380 Gen11 8SFF
2 × Intel Xeon Silver 4410Y
256 GB DDR5 ECC RDIMM
HPE MR416i-o 8GB Hardware RAID
4 × 1.92 TB Enterprise SSD → RAID 10
Dual 10GbE
Dual Hot-Plug PSU
HPE iLO 6


≈ 11 478 214 ₸
≈ $25 507 · $1 = 450 ₸

Осының ішінде бір physical server AD/DNS, File Server және 1C/SQL сияқты бірнеше business service-ті virtual machine ретінде орналастыра алады.

Бірақ hardware redundancy серверді толық High Availability жүйесіне айналдырмайды. Motherboard немесе басқа system-level failure кезінде барлық VM бір уақытта тоқтауы мүмкін.

Сондықтан production architecture ішінде UPS, separate backup repository, immutable/off-site backup, monitoring және recovery plan да қарастырылуы керек.

Сервердің бағасын CPU және RAM арқылы ғана салыстыруға болмайды

Production сервер сатып алғанда hardware performance-пен бірге ECC memory, enterprise storage, RAID, redundant power, remote management, warranty, backup architecture және business downtime тәуекелі бірге есептелуі керек.