Supermicro SYS-622B-TRT
Supermicro SYS-622B-TRT — 50 қызметкерге арналған толық сервер конфигурациясы
Алдыңғы мақалада Supermicro SuperServer SYS-622B-TRT платформасының мүмкіндіктерін қарастырдық. Енді теориядан нақты бизнес сценарийге көшейік.
Бізде шамамен 50 қызметкері бар компания бар деп алайық. Компания барлық негізгі серверлік қызметтерді бір физикалық серверде virtual machine ретінде іске қосқысы келеді: VMware ESXi, Active Directory, File Server және 1C Server.
Сұрақ: осындай серверді толық жинасақ, қандай CPU, қанша RAM, қандай SSD, қандай RAID controller қажет және дайын сервердің бағасы қанша болады?
Біздің толық конфигурация
Базалық нүкте ретінде Қазақстанда сатылып жатқан Supermicro SYS-622B-TRT 152 конфигурациясын аламыз.
Оның ішінде бастапқыдан: 1 × Intel Xeon 6507P, 32 GB DDR5 ECC, 480 GB NVMe M.2, dual 10GbE және 2 × 1200W redundant PSU бар.
Бірақ бұл 50 пайдаланушы, virtualization және 1C үшін біздің мақсатымыздағы толық конфигурация емес. Сондықтан оны кеңейтеміз.
| Компонент | Біздің конфигурация | Бағасы |
|---|---|---|
| Server platform |
SYS-622B-TRT 152 1× Xeon 6507P + 32GB ECC + 480GB NVMe + Dual 10GbE + Dual PSU |
2 854 622 ₸ |
| CPU #2 | Intel Xeon 6507P, 8C/16T, 3.5 GHz | 413 100 ₸ |
| RAM upgrade |
7 × 32GB DDR5-5600 ECC RDIMM + базадағы 32GB = 256GB total |
3 961 349 ₸ |
| Boot SSD #2 |
480GB NVMe M.2 + базадағы 480GB M.2 |
74 000 ₸ |
| Hardware RAID | Supermicro AOC-S3908L-H8IR-16DD | 400 817 ₸ |
| Production SSD | 4 × Samsung PM893 1.92TB Enterprise SATA SSD | 811 816 ₸ |
| Жалпы сервер конфигурациясы | 8 515 704 ₸ | |
Баға туралы: бұл бір жеткізушінің дайын коммерциялық ұсынысы емес. Бұл — нақты component бағалары арқылы жасалған scenario BOM. Сатып алу кезінде distributor price, availability, cable, caddy, CacheVault, warranty және жеткізуге байланысты соңғы баға өзгеруі мүмкін.
Бұл серверде не жұмыс істейді?
Физикалық серверге тікелей 1C немесе File Server орнатпаймыз. Оның орнына VMware ESXi hypervisor орнатып, қызметтерді бөлек virtual machine ретінде орналастырамыз.
AD DS + DNS
File Server
1C + SQL Server
Мұндай архитектурада әр service өз VM ішінде жұмыс істейді. Бір VM-ге maintenance жасау басқа VM-нің операциялық жүйесіне тікелей әсер етпейді.
Неге екі Intel Xeon 6507P?
Базалық серверде бір Intel Xeon 6507P бар: 8 core / 16 thread, 3.5 GHz base frequency.
Біздің конфигурацияда екінші дәл сондай CPU қосамыз.
Бұл жерде мақсат тек core санын көбейту емес. Екінші CPU server platform-ның екінші socket ресурстарын, memory channels және оған байланысты platform resources-ты пайдалануға мүмкіндік береді.
Неге 1C үшін frequency маңызды?
1C workload барлық жағдайда жүздеген core-ды тиімді пайдалана бермейді. Кейбір 1C және SQL операциялары үшін жоғары per-core performance және clock frequency маңызды.
Сондықтан біздің 50-user сценарийде жүздеген төмен-frequency core емес, 3.5 GHz base frequency бар Xeon 6507P сияқты CPU қисынды бастапқы нұсқа.
Бірақ: 50 пайдаланушы деген автоматты түрде «16 core жеткілікті» деген формула емес. 1C database көлемі, concurrent sessions, background jobs, SQL workload және пайдаланушылардың нақты операциялары өлшенуі керек.
Неге 256 GB ECC RAM?
Базалық 32 GB RAM мұндай virtualization host үшін аз. Сондықтан серверді 256 GB DDR5 ECC RDIMM деңгейіне көтереміз.
| VM / System | RAM жоспары |
|---|---|
| VMware ESXi + reserve | ≈ 16–24 GB |
| AD DS + DNS | 8 GB |
| File Server | 32 GB |
| 1C + SQL Server | 128 GB |
| Future VM / cache / reserve | ≈ 64–80 GB |
Бұл allocation міндетті final tuning емес. Нақты production workload іске қосылғаннан кейін ESXi және Windows performance counters арқылы RAM usage бақыланып, resource allocation түзетіледі.
Неге барлық 256 GB-ты VM-дерге бірден бермейміз? Серверде future growth және unexpected workload үшін resource reserve қалдырған дұрыс.
ESXi үшін екі M.2 SSD
Базалық конфигурацияда 1 × 480 GB NVMe M.2 бар.
Біз екінші 480 GB M.2 SSD қосамыз. Мақсат — hypervisor boot storage-ты production VM datastore-дан бөлу.
Яғни ESXi boot device пен негізгі virtual machine datastore бір storage pool ішінде араласпайды.
Hardware RAID Controller
Production storage үшін Supermicro AOC-S3908L-H8IR-16DD hardware RAID controller қолданамыз.
Бұл low-profile PCIe RAID adapter SAS/SATA storage үшін арналған және RAID 0, 1, 5, 6, 10, 50 және 60 деңгейлерін қолдайды.
Supermicro-дың өз support FAQ құжатында дәл SYS-622B-TRT үшін hardware RAID қажет болса, AOC-S3908L-H8IR-16DD controller ұсынылған.
Production конфигурацияда write-back cache қолданылатын болса, controller cache protection үшін compatible CacheVault/supercapacitor опциясын да қарастырған дұрыс.
Production storage: 4 × 1.92 TB Enterprise SSD
VMware datastore үшін consumer SSD емес, Samsung PM893 1.92 TB enterprise SATA SSD таңдаймыз.
Барлығы: 4 × 1.92 TB = 7.68 TB raw capacity.
Неге RAID 10?
Біздің серверде бір уақытта File Server, 1C/SQL және басқа VM workload жұмыс істейді. Сондықтан бұл сценарийде capacity-ді максимум етуге емес, performance + redundancy балансына басымдық береміз.
| RAID 5 | RAID 10 | |
|---|---|---|
| 4 × 1.92 TB usable | ≈ 5.76 TB | ≈ 3.84 TB |
| Redundancy | 1 disk parity | Mirror pairs |
| Write workload | Parity overhead бар | Қарапайым mirror/stripe architecture |
| Біздің VM + 1C сценарий | Capacity тиімді | Performance-ке көбірек бағытталған |
RAID 10 ≠ Backup. Бір немесе бірнеше SSD ақауынан қорғану — ransomware, administrator қатесі немесе сервердің толық жоғалуынан қорғану емес.
VM-дерді қалай бөлеміз?
| VM | vCPU | RAM | Мақсаты |
|---|---|---|---|
| VM01-DC01 | 2–4 | 8 GB | Active Directory + DNS |
| VM02-FS01 | 4–8 | 32 GB | File Server |
| VM03-1C-SQL | 8–12+ | 128 GB | 1C Server + Microsoft SQL Server |
Бұл — бастапқы sizing. VMware-да vCPU-ды physical core санымен 1:1 қатынаста бөлу міндетті емес, бірақ 1C/SQL VM-ге себепсіз өте көп vCPU беру де дұрыс емес.
Production іске қосылғаннан кейін CPU Ready, memory usage, SQL wait statistics, disk latency және 1C workload бақыланып, VM sizing түзетіледі.
Network: қосымша NIC керек пе?
Бұл конфигурацияда motherboard ішінде бастапқыдан 2 × 10GbE RJ45 бар.
50-user SMB үшін бұл өте жақсы бастапқы network configuration.
Management үшін production NIC-ті пайдаланудың қажеті жоқ: SYS-622B-TRT-та BMC/IPMI үшін бөлек 1GbE management port бар.
Backup қайда болады?
Осы жерде ең маңызды архитектуралық шешім: backup-ты осы сервердің ішіндегі қалған бос дискіге сақтамаймыз.
Егер motherboard, RAID controller немесе бүкіл сервер істен шықса, сол сервердің ішіндегі production және backup бірге қолжетімсіз болуы мүмкін.
Бұл 8 515 704 ₸ есепке бөлек backup server/NAS кірмейді. Ол production server-ден бөлек infrastructure ретінде есептелуі керек.
Сонымен, 8.5 млн ₸ не үшін төлейміз?
Бір қарағанда бұл ақшаға бірнеше өте қуатты desktop PC жинауға болады. Бірақ біздің мақсат бір пайдаланушыға арналған workstation емес.
Бір сервердің ішінде 50 қызметкер пайдаланатын бірнеше critical business service жұмыс істейді.
Қорытынды: 50 қызметкер үшін мұндай сервердің мәні бар ма?
Біздің сценарийдегі сервер енді barebone немесе «CPU + 32 GB RAM» базалық сервер емес.
Бұл — VMware ESXi, Active Directory, File Server және 1C/SQL сияқты бірнеше business service-ті бір уақытта орналастыруға арналған толық virtualization host.
Біздің конфигурация:
Supermicro SYS-622B-TRT ·
2 × Xeon 6507P ·
256 GB DDR5 ECC ·
2 × 480 GB M.2 ·
4 × 1.92 TB Enterprise SSD ·
Hardware RAID 10 ·
Dual 10GbE ·
Dual 1200W PSU
Есептелген жалпы баға: 8 515 704 ₸
Бірақ серверді тек сатып алу жеткіліксіз. Production infrastructure үшін оған UPS, rack, managed switch, бөлек backup repository, off-site/immutable backup және monitoring сияқты компоненттер де қажет.
Сондықтан дұрыс сұрақ: «8.5 млн теңгелік сервер қымбат па?» емес. Дұрыс сұрақ — «50 қызметкердің 1C, файлдары және authentication қызметі тоқтаған кезде бизнеске бір сағат downtime қанша тұрады?»
Серверді компонент бойынша емес, workload бойынша жобалау керек
50 пайдаланушы бар екен деп барлық компанияға бірдей сервер конфигурациясын ұсынуға болмайды. 1C database көлемі, concurrent sessions, File Server capacity, backup window, SQL workload, network throughput және acceptable downtime анықталғаннан кейін ғана CPU, RAM, RAID және storage дұрыс есептеледі.