VPN деген не? Офиста VPN қосу
Офисте VPN құру
VPN деген не?
VPN (Virtual Private Network) – бұл интернет арқылы қауіпсіз байланыс орнатуға мүмкіндік беретін технология. Ол деректерді шифрлап, қолданушының жеке ақпаратын және интернеттегі әрекеттерін қорғауға бағытталған.
Қарапайым тілмен айтқанда сіз әлемнің кез келген түпкірінен Интернет көмегімен офис желісіне қауіпсіз қосыла аласыз. Офиста жұмыс жасап отырғандай боласыз.

Офиста, бизнесте VPN не үшін қажет?
-
Қауіпсіздік: Компания ішкі жүйелеріне кіру кезінде деректерді сыртқы қауіптен қорғайды.
Мысалы: 1C серверге сырттан, офистан тысқары жерден қосылу, файл серверге - ортақ файлдарға (shared folder/files) сырттан қосылу, офистік арнайы бағдарламалар не сервистер болса, және т.б -
Қашықтан жұмыс: Қызметкерлер кез келген жерден кеңсе желісіне қауіпсіз қосыла алады.
Мысалы: Сіз офистағы компьютеріңізге үйден қосылғыңыз келді делік. -
Желіні басқару: Біртұтас виртуалды желі арқылы филиалдар мен бөлімшелерді байланыстырады.
Мысалы: Алматы қаласында бас офис болады, ал Астана және Шымкен қалаларында филиал бар делік. Тағы да ортақ файлар мен ішкі бағдарламалрға қауіпсіз қосылу, VoIP арқылы ішкі, тегін телефония жүйесін ұйымдастыру. Әр қызыметкерде ішкі телефон нөмері болады және телефон байланысы тегін, интернет арқылы. -
Деректер құпиялығы: Интернеттегі әрекеттер мен құжаттар шифрланады.
Мысалы: VPN-сіз сырттан қосылу мүмкіндігін беріп, порттарды ашып тастайтын болсаңыз бір сәтте ғана ішкі желіге үздіксіз жасалатын шабуылдар мен вирустардың астында қаласыз.

VPN ұйымдастыру үшін не қажет?
VPN ұйымдастыру үшін ең алдымен public/static IP адрес қажет болады. Себебі қашықтағы қолданушылар немесе филиалдар сіздің желіге тұрақты мекенжай арқылы қосыла алады. Сонымен қатар, VPN қызметін қолдайтын маршрутизатор немесе қауіпсіздік құрылғысы керек.
VPN-ге арналған құрылғылардың салыстыруы

Keenetic Giga Mesh Wi-Fi 6 AX3000 + USB 3.0
- Keenetic Giga Mesh Wi-Fi 6 AX3000 + USB 3.0
- Артықшылығы: Қолдануға жеңіл, үй/шағын офиске қолайлы, заманауи Wi-Fi 6, USB арқылы қосымша мүмкіндіктер.
- Кемшілігі: Ірі бизнеске арналмаған, VPN өнімділігі шектеулі.
- Бағасы: 98 000 тг.

MikroTik hEX S / RB4011
- https://mikrotik.com/product/hex_s_2025
- https://mikrotik.com/product/rb4011igs_rm
- Артықшылығы: Бағасы қолжетімді, қуатты RouterOS жүйесі, әртүрлі VPN протоколдарын қолдайды.
- Кемшілігі: Орнату және басқару күрделірек, кәсіби білім қажет етеді.
- Бағасы: 118 260 тг.

Aruba VPN шлюзі (мысалы, Aruba 9004 Gateway)
- HPE Aruba Networking 9004 (US)
- Артықшылығы: Орта және ірі кәсіпорындарға арналған, қауіпсіздік пен Wi-Fi интеграциясы күшті, Zero Trust қолдауы.
- Кемшілігі: Бағасы жоғарырақ, шағын офистерге артық мүмкіндіктер болуы мүмкін.
- Бағасы: 637 000 тг.

Fortinet FortiGate 90G
- Fortinet FortiGate 90G
- Артықшылығы: Enterprise деңгейіндегі қауіпсіздік, IPS/IDS, Web Filtering, SSL VPN қолдауы.
- Кемшілігі: Күрделірек басқару, лицензия құны қосылады.
- Бағасы: 2 200 000 тг.

Cisco ISR C1121-8PLTEP
- Cisco ISR C1121-8PLTEP
- Артықшылығы: Сенімділік, LTE қолдауы, корпоративтік деңгейдегі VPN, кеңейтілген қауіпсіздік мүмкіндіктері.
- Кемшілігі: Бағасы жоғары, конфигурация күрделі.
- Бағасы: 1 086 890 тг.
Қорытынды:
Егер шағын офиске VPN қажет болса – Keenetic немесе MikroTik жеткілікті. Ал орта/ірі бизнеске – Fortinet, Cisco немесе Aruba таңдаған дұрыс. Таңдау кезінде бюджетті, басқару қарапайымдылығын және қосымша қауіпсіздік функцияларын ескеру қажет.
